Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Швейцарияның бірқатар компаниясы басшыларын қабылдады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2021 04:15 Ақорда
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысындағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін озық технологияларды енгізудің маңызды екенін айтты.

Швейцарияның іскерлік топтар өкілдерімен өткен кездесуден кейін Мемлекет басшысы бірқатар компанияның жетекшілерімен жеке-жеке кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Stadler Rail AG холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Петер Шпулермен өткен кездесуде көлік саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың перспективалары, сондай-ақ, Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесінің кезекті отырысын өткізуге байланысты мәселелер талқыланды, делінген Ақорда хабарламасында.

Glencore International AG компаниясының бас директоры Айван Глазенберг Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Қазмырыш" ЖШС-ін одан әрі дамыту жөніндегі компанияның жоспарлары, соның ішінде, Жәйрем кен байыту комбинатындағы полиметалл рудаларын өңдейтін зауыттың құрылысы туралы мәлімет берді.

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысындағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін озық технологияларды енгізудің маңызды екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада қызметінен кететін Айван Глазенбергке Қазақстанның тау-кен саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді және кездесуге қатысып отырған Гэри Нэйглге табыс тіледі. Гэри Нэйгл Айван Глазенбергтің орнына компанияны басқарады.

F.Hoffmann-La Roche AG фармацевтикалық компаниясының басқарма төрағасы Кристоф Францпен кездесу кезінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері, соның ішінде, COVID-19 індетін және басқа да әртүрлі ауруларды зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу лабораториясын ашу мәселесі сөз болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: