Қазақстандағы Қырғыз Республикасының елшісіне "Достық" ордені табыс етілді

ҚР СІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2021 17:28 ҚР СІМ
Орден елшіге екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге қосқан үлесі үшін берілді.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтаған Қырғыз Республикасының елшісі Жээнбек Кулубаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР СІМ мәліметі бойынша, министр елшіге екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге қосқан үлесі үшін II дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.

"Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған аса жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады", делінген хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: