Жаңалықтар тізбегі
0

Астана әкімдігінің тағы бір былыққа қатысы болуы мүмкін

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2021 19:11 видеодан кадр
Істі болғандар оңай берілмек емес.

Елордадағы 15 тұрғын-үй құрылыс кооперативінің төрағалары қалалық прокуратураны жағалап жүр. Олар мекеме басшысы Бауыржан Мырзакеровтың тілдесуге шығуын талап етті. Төрағалар шендіден дәлелі болмаса, алаяқтық бабы бойынша неліктен іс қозғалғанын сұрамақшы. Ал, 15 маманды айыптағандар айғақтардың бар екенін айтады. Жиналғандардың ортасына елорданың бас прокуроры шықты ма? Бұл айқай-шуға қалалық әкімдік пен "Елорда Құрылыс Компаниясының" не қатысы бар?

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Қалалық прокуратура қызметкерлерінің немқұрайлығын айтып тұрған Баян Қоржынбаева. Азаматша елордадағы проблемалы көпқабатты нысанда тұрғын-үй құрылысы кооперативіне төрағалық етеді. Ол өзіндей тағы 14 әріптесінің үстінен қалалық прокуратура нақақтан нақақ іс қозғаған дейді.

Баян Қоржынбаева, тұрғын үй-құрылыс кооперативінің төрағасы:

Биыл жеке шаршы метрлерін заңдастыра алмағандарға көмектесу үшін "Баспана Альянс" атты қоғамдық бірлестік құрылған еді. Міне, сондағы үлкскерлер бізді сотқа берді. 14 төрағаны. Тұрғын-үй құрылысы кооперативінде басқаруда алаяқтық жасадыңдар дейді.

Алаяқтық жасады деп істі болып жатқандардың тағы бірі Көкталдағы проблемалы тұрғын-үй кооперативінің басшысы Владимир Заворыкин. Арыз түсіргендер оны қомақты қаржыны қолды қылды деп көрсеткен.

Владимир Заворыкин, тұрғын үй-құрылыс кооперативінің төрағасы:

Билік пен құзырлы органдарға "Баспана Альянс" атынан жазылған мына хатта бізге жала жапқан. Осы қағазда мен нысанда тұрғын-үй құрылысы кооперативі есеп-шотынан 5-8 миллион теңге алдым, соған көлік сатып алып, дүкендер ашқаным келтірілген. Бірақ, бұл өтірік. Оны тексерсе де болады.

Төрағалар жаланы тексермей, прокуратураның істі қарағанына наразы. Сондықтан мекеме басшысы қадағалаушы орган басшысы Бауыржан Мырзакеровтың шығуын талап еткен еді. Алайда, шенді кездесуге ниет білдірмей, бір топ төраға Президент әкімшілігіне барды.

Заңсыз істі болдық деген 15 төрағаның наз-шағымын қалалық прокуратура мамандары тыңдаған жоқ. Өкінішке қарай, ешкім шыққан да жоқ. Сондықтан мына менің артымдағы кісілер Президент әкімшілігіне келіп тұр. Оларды арнайы мамандар шыққанда, бүкіл ойын соларға жеткізбеші.

Бұл кездесудің немен аяқталғаны белгісіз. Есесіне, 15 маманды айыптаған "Баспана Альянс" қоғамдық бірлестік өкілдерімен кездестік. Олар алаяқтық бүтіндей бір жүйеге айналған дейді.

Ернұр Әзімбаев, "Баспана Альянс" қоғамдық бірлестігі өкілі:

Мына өтірік, өздері билікке қолдары жеткен председательдер ойларына келгенін істеп акиматтың адамдарымен "көз қысты, бармақ бастының" керін жасап отыр. Біз сол үшін әділдікке жете алмай жүрміз. Міне, мен өзім 6 ай осы "Баспан Альянсқа" кірдік, амалсыздан.

Құралай Садықова, "Баспана Альянс" қоғамдық бірлестігінің ресми өкілі:

Төрағалар адамдардан заңсыз ақша жинап, ұнамағандарды кооператив құрамынан шығарып жатады. Құрылыс сапасы да алаңдатады. Сондай-ақ, адамдар арнайы хат жазған болатын. Онда қалалық әкімдіктің кейбір шенеуніктері мен "Елорда құрылыс компаниясының" кейбір өкілдері төрағалармен ауыз жаласқан деп санайды.

Бірақ, "Елорда құрылыс компаниясындағылар" мұны жоққы шығарды.

Жанетта Абдильдина, "Елорда құрылыс компаниясы" баспасөз хатшысы:

"Баспана Альянс" қоғамдық бірлестігінің "Елорда құрылыс компаниясының" ЖШС қатысты мәлімдемесінде айтылған ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өткіміз келеді. "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС өз қызметін ҚР қолданыстағы заңнамасынасына сәйкес іске асырады.

Дегенмен, құрамында проблемалы 23 тұрғын-үй кешені бар бірлестіктегілер төрағаларды тақтан тайдырмай қоймаймыз дейді. Ал, істі болғандар оңай берілмек емес.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: