Жаңалықтар тізбегі
0

"Дельта штамм" Шымкент пен Алматы облысынан да анықталды

24kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2021 22:04 24kz
Алматы облысында вакциналау ісі баяу жүргізіліп жатқан Талғар және Қаратал ауданының тұрғындарынан "дельта штамм" анықталды.

Шымкент қаласы мен Алматы облысынан "дельта штамм" анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шымкентте де вирустың дельта штамы анықталды. Осыған байланысты қала эпидемиологиялық ахуалдың "қызыл аймағына" өтті. Үнді штамының табылғаны туралы әлеуметтік желіде қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жазған, деп хабарлайды Хабар-24.

Оның айтуынша, өткен тәулікте 143 адам вирус жұқтырған. Ішінде бір айға да толмаған сәби де бар.

Алматы облысында екі адамнан коронавирустың үнді дельта штамы анықталды. Олар вакциналау ісі баяу жүргізіліп жатқан Талғар және Қаратал ауданының тұрғындары. Індеттің жаңа түріне шалдыққандар оқшауланып ауруханада бөлек ем қабылдап жатыр.

Ерғали Сыдыманов, Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Күніне біз бір тәулікті 6 мыңға дейін адам вакцинация жасауымыз керек. Екі-үш күн болды соны біз жеті жарым мыңға дейін көтердік. Күніне шамамен 6 мыңнан аса адам вакцинация алып жатыр. Вакцина жеткілікті.

Айта кеткен жөн, бұл штамның жұғу көрсеткіші алдыңғыларынан 60 процентке жоғары. Ғалымдардың зерттеуі бойынша өзгерген вирус ауруды асқындырып жіберуі мүмкін. Сондықтан қоғамдық орындарға барудан бас тартып, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек. Маска тағып, имунитетті арттыруы қажет, дейді дәрігерлер. Мамандар соңғы аптада вирус жұқтыру көрсеткіші екі есе өскенін айтады. Алматы және Шымкент қалаларымен қатар "қызыл аймаққа" елорда, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары кірген. Ал "сары аймаққа" Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар өңірлері еніп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: