Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда тұрғын үй сертификаттарын алуға өтінім қабылдау басталды

Алматы қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2021 16:32 Алматы қаласының әкімдігі
Алматыда тұрғын үй сертификаттарын алуға үміткерлер көп.

Алматы әкімдігі қайтарымсыз тұрғын үй сертификаттарын беруге 2 млрд теңге бөлді. Бұл туралы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Спикер бұл сома екі мың алматылықтың "Отбасы Банкінен" жеңілдетілген ипотека алу үшін бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін жеткілікті екенін айтты.

Сондай-ақ, Данияр Қырықбаев тұрғын үй сертификаты "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Шаңырақ" және "Бақытты отбасы" бағыттары бойынша тегін әрі қайтарымсыз негізде 1 млн теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек түрінде берілетінін хабарлады.

Сертификаттарды кезекте тұрған 1 мен 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және көпбалалы отбасылар алады, – деді Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы.

Спикердің айтуынша, 2 шілдеде тұрғын үй сертификаттарын беру үшін өтініштерді қабылдау басталады.

Сертификат алу үшін "Отбасы банкте" алдын ала төлем қабілеттіліктен өткен азаматтар белгіленген нысандағы құжаттар мен өтінішпен Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасына жүгінеді. Үш жұмыс күні ішінде құжаттардың дұрыстығы мен мәртебеңіздің сертификат беру шарттарына сәйкестігі тексеріледі, – деді Д. Қырықбаев.

Қажетті құжаттар тізімі:
- нысан бойынша өтініш;
- өтініш беруші мен отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
- соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама;
- жұмыс орнынан анықтама;
- Банктен тұрғын үй заемын беруді мақұлдаған хат.

Тұрғын үй сертификаты тұрғын үй заемын беруге мақұлдау алған әрі табысы бойынша талапқа сәйкес келетін азаматтарға беріледі: соңғы жарты жылдағы табысы отбасының әрбір мүшесіне айына 106 336 теңгеден аспауы тиіс.

Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы әкімдіктің тұрғын үй сертификатының мақұлданған сомасын "Отбасы банктегі" кезекте тұрғандардың жинақ шотына аударатынын айтты. Банк сома түскеннен кейін сертификат иесімен қарыз шартын немесе ипотекалық шарт жасайды. Тұрғын үй сертификатының сомасын аударудың максималды уақыты мақұлдау хабарламасын алғаннан кейін 5 жұмыс күнді құрайды.

Д. Қырықбаевтың айтуынша, Алматыда тұрғын үй сертификаттарын алуға үміткерлер көп. Тұрғын үй саясаты басқармасының айтуынша, бүгінде қалада 9 313 азамат баспанаға мұқтаж. Олардың ішінде 1 мен 2 топтағы 2 758 мүгедек, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы санатына жататын 1 462 адам, 1 890 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 3 203 көпбалалы отбасы бар.

Тұрғын үй саясаты басқармасы тұрғын үй сертификаттарын алғысы келетін азаматтарға консультациялық көмек көрсетуге дайын.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы Достық 85/Абай 1 мекенжайдағы Әлеуметтік қызметтер үйінде орналасқан.
Жұмыс кестесі: сағат 09: 00-ден 18: 00-ге дейін.
Түскі үзіліс: 13:00-ден 14: 00-ге дейін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: