Бюджеттік бұзушылықтар бойынша Түркістан облысы көш бастады
Қазақстандағы Есеп комитеті 2021 жылдың алғашқы үш айында 25 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтарды тiркелгенiн айтты, деп хабарлайды zakon.kz LS-ке сілтеме жасап.
2021 жылдың I тоқсанында 526,5 млрд теңгеге бюджет ревизиясының нәтижелері бойынша 25 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталған, бұл 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларына қарағанда екі есе аз.
Жалпы соманың 2,5 млрд теңгесі тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатына және 2,5 тиімсіз жоспарлауға тиесілі. Бұл ретте 40,8 млрд теңге қалпына келтіруге жатады. Қазірдің өзінде 25,4 млрд теңге қалпына келтірілді.
Ең көп шығын Түркістан облысына келді, бұл аймақ 9,9 млрд теңгеге бұзушылыққа жол берді. Бұл жалпы соманың 39,6% құрайды.
Екінші орында – Жамбыл облысы 5,6 млрд теңге. Одан әрі Батыс Қазақстан облысы (4,1 млрд теңге) және Нұр-Сұлтан (3,7 млрд теңге).
Қалған өңірлерде аталмыш бұзушылықтар 1 млрд теңгеден аспайды. Алматыда – 20,4 млн теңге, Ақмола облысында – 1,4 млн теңге. Ең үлгілі көрсеткіштер бойынша Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласы болды.