Мәскеуде вакцинаны 12-17 жастағы балаларға сала басталды

ашық дереккөздерден, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2021 20:51 ашық дереккөздерден
Жастарда дене қызуының көтерілуі мен дененің сырқырауы сияқты белгілер жиі кездеседі.

Мәскеу қаласында жасөспірімдерге екпе егу сынақтан өтуде, деп хабарлайды zakon.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, мамандар 12 мен 17 жас аралығындағы жүзге жуық еріктіге "Спутник V" препаратының аз мөлшерін енгізеді.

Шара алдында балалардың барлығы медициналық бақылаудан өтіп, ПТР тест тапсырды. Зерттеу жұмыстары 1 жыл бойы жүргізілмек. Осы уақыт аралығында егілген жасөспірімдер дәрігерлердің жіті бақылауында болады.

Мамандардың айтуынша, жас ағза ковид-19-ға қарсы вакцинаны ерексектерге қарағанда ауыр қабылдайды. Мәселен, жастарда дене қызуының көтерілуі мен дененің сырқырауы сияқты белгілер жиі кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: