Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда 6 баланың анасы үшем босанды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2021 22:38 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістандық дәрігерлер шала туған үшемді аман алып қалды.

Жыл басынан бері өңірде алтыншы үшем дүниеге келді. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, нәрестелер Түркістан қаласында орналасқан №3 облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келді, деп хабарлайды zakon.kz.

Үш ұл баланы 39 жастағы Дилхумар Юсупова ота арқылы босанған. Дәрігерлер туғанда салмағы небәрі 1,7 келі (1700 грамм, бойы - 40 см, 1700 грамм, бойы - 39 см, 1970 грамм - бойы 42 см) болған үш ұлды 13 күн бойы күтіп, жетілдірген. Мерзімінен ерте туылған үшем перзентхана дәрігерлерінің бақылауына алынған.

Медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, жағдайы жақсарған. Түркістандық дәрігерлердің біліктілігі мен күтімінің, тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтар аман қалып, аналары оларды бауырына баса алды. Мамандардың сөзінше, қазір олардың өміріне төнетін еш қауіп жоқ. Нәрестелерге жақындары Хасан, Хусан мен Мухаммад есімдерін берген.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының төрт қызы мен екі ұлы бар. 39 жастағы келіншек 9 баланың анасы атанды. Көпбалалы ана үй шаруасында, ал отағасы қарапайым жұмысшы. Былтыр № 3 ОПО-да орталығында 10 мыңға жуық сәби дүниге келді. Жыл басынан бері мұнда 6 мың нәресте дүниеге келген. Орталық дәрігерлері жыл сайын жүздеген шала туған нәрестелердің өмірін сақтап қалуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: