Алматының "Қайраты" сырт алаңда "Маккабимен" тең ойнады
"Қайрат" ФК
Сырт алаңда соғылған голдың ешқандай да маңызға ие болмайтынын айта кетейік.
"Қайрат" Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде израильдік "Маккаби Хайфамен" тең ойнады, деп хабарлайды zakon.kz.
Кездесу Хайфадағы "Сэмми Офер" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Алаң иелері 45-минутта есеп ашты. "Қайрат" командасының екі қорғаушысын алдап өткен Омер Ацили гол соқты. Ал алматылық клуб 76-минутта Нұралы Әліптің голымен жауап берді - Небойша Косович бұрыштамадан пас асырған еді, қазақстандық қорғаушы допты басымен қақпаға дәл бағыттады. Матч соңына дейін "Қайрат" жеңісті жұлып алуы мүмкін еді, бірақ ойыншыларға шабуылдың соңғы кезеңінде сәл сәттілік жетіспеді, дейді aladop.kz.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қарымта кездесу 14 шілдеде Алматыда өтеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript