Қазақстанда сынап бағаны төмендеп, күн салқындайды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2021 17:07 pixabay.com
Дегенмен еліміздің оңтүстігі мен батысында аптап ыстық әлі де сақталады.

Синоптиктер 13-15 шілдеге арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Күн салқындап, жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Республикамыздың басым бөлігінің ауа-райына циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер әсер ететін болады. Ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Осыған байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, дауыл соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Батыста ауа температурасы түнде +12+22℃, күндіз +25+35℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз термометрлер +12+28℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +8+20℃, күндіз +15+28℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23°С, күндіз +25+32°С болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: