Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда екпе алушылар арасында тағы екі iPhone12 мен бағалы сыйлықтар ойнатылады

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2021 20:23 astana.gov.kz
Ұтыс ойыны тікелей эфирде 17 шілде (сенбі) күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында өтеді.

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Тағы екі iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың екінші ұтыс ойынына 7 шілде мен 16 шілде аралығында вакцинацияланған адамдар қатысады.

Ұтыс ойыны тікелей эфирде 17 шілде (сенбі) күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында өтеді.

IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың алғашқы ұтыс ойыны 9 шілде күні өткен болатын. Бұл автоматты ұтыс ойынына вакцинация басталған сәттен бастап қалада 6 шілдеге дейін (қоса алғанда) вакцинацияланғандар қатысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2021 20:23

Birge платформасында байқау жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер қызметі орнатылды, ол жеңімпаздарды ID арқылы таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты.

Бүгінгі күні сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вакцинацияланғандар туралы мәліметтерімен біріктірілген. Осыған байланысты екпе алған елорда тұрғындары конкурсқа автоматты түрде қатысады, оған арнайы құжат толтырып, қосымша вакцина алудың еш қажеті жоқ. IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын елорда әкімдігі апта сайын жаздың соңына дейін өткізеді.

Айта кетейік, елорда тұрғындары арасында вакцинация алудың белсенділігін арттыру үшін бағалы сыйлықтар ойнатылады. Екпе алғандар арасында өтетін ұтыс ойынына екі бөлмелі пәтер де қойылды. Жылжымайтын мүлікті жеңіп алуға осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындары қатысады. Бұл ұтыс ойынына елордадағы вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2021 20:23

Ал "MEGA Silk Way" СОО өзінен вакцинация пунктінде бірінші компонентін алғандар арасында автомобиль ұтысы өтетінін жариялады.

Елордада өткізіліп жатқан ұтыс ойындары тұрғындардың вакцинациялауға деген белсенділігін арттыру үшін жасалып жатқан шара. Ал ең маңыздысы — ұжымдық иммунитетті дамытып, карантинге дейінгі қалыпты режимге оралу. Ал ұжымдық иммунитет үлесі 60%-дан кем болмауы керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: