Қайырбек Өскенбаев: Тұрғын үй бағасы тұрақталды, күзге қарай, тіпті төмендейді

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2021 23:11 видеодан алынды
Министрдің айтуынша, маусым-шілдеде баға тұрақталуы тиіс.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев күзге қарай пәтер бағасы төмендейтінін болжап, айтты, - деп хабарлайды zakon.kz.

Жыл соңына дейінгі пәтер бағамына қатысты болжам туралы сұралған сауалға Қайырбек Өскенбаев:

"Біз бағаны үнемі, тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырамыз. Егер қаңтарда жаңа тұрғын үй бағасы 3,8%-ке күрт көтерілсе, екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы 7,2%-ке өсті. Маусым айында екінші нарықтағы тұрғын үйге 1,2%, ал жаңа тұрғын үйге 0,9% баға қосылды", - деп жауап берді.

Ол Петропавлда қаңтар-ақпанда екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы 5,6%-ке және 4,6%-ке өскені байқалғанын, ал сәуірде 2,4%-ке дейін төмендеп, сол деңгейде сақталғанын айтты.

Министрдің айтуынша, маусым-шілдеде баға тұрақталуы тиіс. Зейнетақыны пайдалануға байланысты тұрғын үйге деген сұраныс көбейгендіктен пәтер қымбаттады.

- Қазірдің өзінде баға тұрақталып келеді. Менің жеке болжамдарым бойынша қыркүйекке қарай баға төмендеуі керек, - деді вице-министр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: