"Pfizer" компаниясының вакцинасы қазақстандықтарға күзде қолжетімді болады

beta.egov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2021 15:49 beta.egov.kz
Министрлік мәміленің негізгі шарттары туралы келісімдердің талаптарын оңтайландыру бойынша "Pfizer" компаниясымен тұрақты негізде келіссөздер жүргізуде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінде кеңес өткізілді.

"Pfizer" компаниясымен 2021 жылдың 4-тоқсанында жеткізуге алдын ала келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

"2021 жыл наурыздан бастап "Pfizer" компаниясының өкілдерімен Сovid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу мүмкіндігі туралы келіссөздер рәсімдері басталды. Министрлік пен "Pfizer" компаниясының арасындағы өзара іс - қимыл шеңберінде құпиялылық туралы келісімге қол қойылды", - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Министрлік мәміленің негізгі шарттары туралы келісімдердің талаптарын оңтайландыру бойынша "Pfizer" компаниясымен тұрақты негізде келіссөздер жүргізуде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінде кеңес өткізілді.

Сонымен қатар, "Pfizer" компаниясы вакцинаны жеткізу туралы келісім жасау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын қабылдау қажеттігі туралы хабарлады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: