Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс депутаттары өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құру мәселесін талқылады

баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2021 00:38 баспасөз қызметі
Жалпы, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде Саран қаласы бойынша осы кәсіпорында бес жыл ішінде шамамен 400 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Юрий Жулин Қарағанды облысының Саран қаласындағы жолаушылар автобусы мен арнайы техника шығаратын зауытта болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Зауыт өткен жылдың желтоқсан айында ашылды. Кәсіпорын бұрынғы РТИ зауыты негізінде жұмыс істейді. Өндіріс орнымен бірге индустриялық аймақ та жандануда.

Инвестициялық жобаны іске асыру үшін жоба операторының қатысуымен "QazTehna" ЖШС, "Сарыарқа "ӘКК" АҚ және Yutong компаниясының бірлескен кәсіпорны құрылды. Инвестиция сомасы 22,1 млрд. теңгені құрайды.

Зауыт жылына 1200 бірлік автобус шығаруды жоспарлап отыр. Келешекте Саран қаласындағы зауыт жол-құрылыс және жүк техникасын шығаратын болады. Бұл техника Қазақстанның өнеркәсіптік және тау-кен өндіруші компаниялары арасында үлкен сұранысқа ие.

Мәжіліс депутаты Юрий Жулин өңірде ашылған кәсіпорындар, ең алдымен, жаңа жұмыс орындары екеніне назар аударып, жаңа инвестициялық жобалардың пайда болуы қаланың дамуына серпін беретінін айтты.

Халық қалаулысының пікірінше, көптеген автопарктер өз автобустарын кәсіпорын өнімі есебінен жаңарта алады.

Жалпы, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде Саран қаласы бойынша осы кәсіпорында бес жыл ішінде шамамен 400 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: