3 миллионнан астам адам COVID-19 екпесінің екі дозасын да алды

24kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2021 15:10 24kz
2021 жылдың 22 шілдесіндегі жағдайға сәйкес 5 054 970 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда барлық қол жетімді вакциналардың бірінші компонентін 5 миллионнан астам адам алды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, 2021 жылдың 22 шілдесіндегі жағдайға сәйкес 5 054 970 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды.

Вакцинаның екі компонентін 3 075 907 қазақстандық қабылдады.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе салу 1 ақпанда басталды, ең алдымен дәрігерлер, мұғалімдер және қауіпсіздік қызметкерлері екпе алды. Жаппай вакциналау науқаны 1 сәуірде басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: