Олимпиада -2020: Стенд атудан Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды

olympic.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2021 17:38 olympic.kz
Финалға өткен спортшылар көшін 124 ұпай жинаған қытайлық Вэй Мэн бастап тұр.

Токио Олимпиадасында стенд атудан іріктеу кезеңі аяқталды. Екі күнге созылған бәсекеден кейін қазақстандық мергендер келесі кезеңге өте алмады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиада комиетінің хабарлауынша, "скит" жаттығуы бойынша сынға түскен спортшылар бес раунд бойы іріктеу кезеңін өткізді. Іріктеу нәтижесі бойынша алты спортшы ғана келесі айналымға өтеді.

Өкінішке қарай, қазақстандық Әсем Орынбай мен Зоя Кравченко үздіктер қатарына іліге алған жоқ. Зоя Кравченко 113 ұпаймен 22-орын алса, Әсем Орынбай 111 ұпаймен 26-сатыда қалды, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Финалға өткен спортшылар көшін 124 ұпай жинаған қытайлық Вэй Мэн бастап тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: