Париж-2024: Стенд атудан Дмитриенко финалдан сырт қалды
Стенд атудан Париж Олимпиадасында бақ сынап жатқан Мария Дмитриенко финалдан сырт қалды. Жарыстың екінші айналымда ол 120 ұпаймен 10-шы сатыға орналасты.
Ал финалдық кезеңге іріктеу қорытындысы бойынша алғашқы алтылыққа енген мергендер ғана жолдама алды.
Аралық нәтиже бойынша, испаниялық Мар Мольне 123 ұпаймен көш бастап тұр. Финал 31 шілдеде кешке өтеді.
31 шілдеде Қазақстан құрамасының өкілдері тағы үш спорт түрінен өнер көрсетеді, атап айтқанда, спорттық гимнастикадан (көпсайыс) финалда Милад Карими (басталуы – 18:30-да) өнер көрсетеді. Каримиден жарты сағат бұрын Кирилл Герасименко үстел теннисінен жарыста өз шеберлігін танытады. Ол мысырлық Омар Ассарға қарсы ойын өрнегін көрсетеді. Жарыс күнін боксшы Валентина Халзова (75 кг) қорытындылайды, ол 1 тамызға қараған түні Панама өкілі Атейна Билонмен (00:36) жұдырық түйістіреді.