Мария Дмитриенко cтенд атудан Париж Олимпиадасының финалына шықты

Мария Дмитриенко cтенд атудан Париж Олимпиадасының финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2024 17:34 Сурет: olympic.kz
Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Мария Дмитриенко іріктеуден сәтті өтіп, финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дмитриенко "трап" бағдарламасында сынға түсіп, іріктеуден 4-орын алды. Ол жалпы есебі 73 ұпай жинаған. Финалға алғашқы 8 спортшы ғана жолдама алады. 

Ал жарысқа жалпы есебі 30 спортшы қатысқан. 

Іріктеу сынында 75 ұпаймен испаниялық Магрина Мар Молне көш бастап тұр. Екінші орында 74 ұпаймен тағы бір Испания спортшысы Фатима Галвес орналасқан. 

Үшінші сатыда - аустралиялық Пенни Смит.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: