"Әкім болсам, жағдайымды жақсартамын" деген кісі ақыры әкім болды

YouTube, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2021 18:29 YouTube
Сапар Барлыбаев Еремейментау қаласының басшысы болып сайланған.

"Әкім болсам, жағдайымды жақсартамын!" деп, абайсызда әлеуметтік желі жұлдызына айналған кандидат сайлауда жеңіске жетті.

Ақмола облысының аймақтық орталық сайлау комиссиясының мәліметінше Сапар Барлыбаев Еремейментау қаласының басшысы болып сайланған.

Су жаңа әкім "Фейсбук" парақшасында да ақпаратты растап, дауыс бергендерге алғыс айтып, үміттерін ақтауға тырысатынын жазды.

Естеріңізге салсақ, Сапар Барлыбаев әкімдердің тікелей сайлауы туралы отандық арналардың біріне сұхбат берген еді. Онда журналист "әкім болсаңыз, нені реттейсіз деген сұраққа" "қызық" жауап берген болатын.

Если мы все вместе сделаем правильный выбор — проголосуете за меня, я постараюсь изменить свою жизнь к лучшему.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: