Риддерге жаңа әкім тағайындалды

Риддер қаласының әкімі болып Дәулет Батырбаев тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2023 11:09 Сурет: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Риддер қаласының әкімі болып Дәулет Батырбаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Риддер қаласына жаңа әкім тағайындалғаны туралы ақпаратты редакциямызға 2023 жылғы 4 тамызда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Дәулет Батырбаев 1976 жылы 7 шілдеде Семей қаласында дүниеге келген. "Семей" мемлекеттік университетін, сонымен қатар Новосибирск гуманитарлық институтын "экономист-бухгалтер", "құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген.

Осы жылдар ішінде Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын, Ұлан, Бесқарағай аудандарын басқарды, кен өнеркәсібі кәсіпорындарында, мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесі бар.

Ол Риддер қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жекеменшік әріптестік өңірлік орталығы" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: