Джо Байден Светлана Тихановскаямен кездесті
АҚШ президенті Джо Байден Белоруссия оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановскаяны Ақ үйде қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Лента.ру-ға сілтеме жасап.
Бұған дейін Вашингтондағы келіссөздерде Белоруссияның президенттігіне экс-үміткер Америка билігін Александр Лукашенкоға қысымды күшейтуге шақырған болатын.
Кездесу 28 шілдеде таңертең Ақ үйде өтті.
Светлана Тихановскаямен кездесу мен үшін жоғары мәртебе болды, - деп жазды Байден.
Ол АҚШ-тың "демократия мен жалпыға бірдей адам құқығы жолында Белоруссия халқын қолдайтынын" атап өтті.
Тихановская өз кезегінде Америка президентіне "өз бостандығы үшін бейбіт түрде күресіп жатқан миллиондаған батыл белоруссиялықтардың атынан алғыс айтты.
Светлана Тихановскаяны АҚШ президенті қабылдағаны туралы хабар саясаткердің әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды. Кейінірек Тихановскаяның өзі "Настоящее время" телеарнасында мұны растады.
Байденмен кездесу туралы айтқанда, Тихановская одан Белоруське "демократияға қантөгіссіз көшуге" және саяси тұтқындарды қолдауға көмектесуін сұрағанын айтты.
Сонымен қатар, ол келіссөздер барысында Беларусь оппозициясы мен Вашингтон арасында нақты қандай келісімдер жасалғанын айтпады.
Америка тарапы да әзірге кездесудің толық мазмұнын жариялаған жоқ.