Жаңалықтар тізбегі
0

Теміржол қызметкері тыйым салынған аудионы тыңдады

Көліктегі полиция департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2021 18:06 Көліктегі полиция департаменті
Ол дәстүрлі емес ислам идеяларын тыңдап жүріпті.

Көлік полицейлері "ВКонтакте" әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде 36-жастағы ер азаматтан әлеуметтік желіде дәстүрлі емес ислам идеяларын насихаттаған аудио дәрістерді сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлімовтің айтуынша, тексеру барысында аталған азаматтың теміржол ұйымдарының бірінде жұмыс істейтіндігі белгілі болды. Сондай-ақ, дінтану сараптамасының нәтижелері бойынша аудиожазбаның Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғаны анықталды.

- Жамбыл облысы Шу аудандық сотының шешімімен жоғарыда аталған құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК 453-бабының 3-бөлігімен, яғни Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездікке табынуды, зорлық-зомбылық пен порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдарды қамтитын бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін Қазақстан Республикасының аумағында сақтау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды,- деді полиция полковнигі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: