Тоқаев Марат Әзілхановты қабылдады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2021 23:29 Ақорда
Тоқаев Әзілхановқа этномедиация институтын дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары мен қоғамдық институттардың өңірлерде жүзеге асырған іс-шараларының қорытындысы жайында баяндалды.

Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты барлық құрылымдардың нақты әрі нәтижелі жұмыс істеу қажеттігі айтылды. Президент Ассамблеяның жастар қозғалысы мен Аналар кеңесінің жұмысына ерекше көңіл бөлу керек екенін атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Әзілхановқа этномедиация институтын дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: