Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет кіші және орта бизнеске жауапты нысандарының жұмысы үшін барлық жағдайды жасайтын болады

Primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2021 03:12 Primeminister.kz
Е.Тоғжанов табыс табу мен азаматтардың денсаулығын қорғау арасындағы тепе-теңдікті табу қажеттілігіне шақырды.

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Е.Тоғжанов "ASHYQ" жобасына белсенді қатысатын бизнес-қоғамдастық өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылды және бүгінгі күні өзінің тиімділігін көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кеңеске мемлекеттік органдардың басшылары, барлық өңірлердің әкімдіктері, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және "ASHYQ" жобасының көшбасшылары қатысты.

Қазір "ASHYQ" жүйесінде 45 000-нан астам кәсіпкерлік объектілері жұмыс істейді, 4 миллионнан астам пайдаланушылар тіркелген. "ASHYQ" жобасы енгізілген сәттен бастап "қызыл" және "сары" мәртебесі бар 23 мыңнан астам келуші анықталды (оның ішінде оң ПТР-тесті бар 13 516 азамат және 9 688 науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар).

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2021 03:12

Вице-премьер еліміздегі эпидемиологиялық жағдай өте күрделі екенін, 16 өңір "қызыл аймақта" тұрғанын атап өтті. Еліміздің емдеу стационарларындағы төсек орындарының толымдылығы 54%-ке жетті. Денсаулық сақтау жүйесі өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп жүктемемен жұмыс жасауда. Коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі жағдайды басқару, кәсіпкерлер тарапынан елдегі күрделі жағдайға түсіністікпен қарауы және жәрдемдесуі пандемиямен күресте өте маңызды фактор болып табылады.

"ASHYQ" жүйесі аясындағы жұмыс әлеуметтік-экономикалық нысандардағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауға алып қана қоймай, бизнестің функционалын жоғалтпауға, жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік берді. Бизнес өкілдері өз тарапынан карантин жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдіріп, өздеріне алған барлық міндеттемелерді одан әрі сақтауды жалғастыратындығын және әріптестерін де осыған шақыратындарын жеткізді.

"Атамекен" ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов өз сөзінде: "Біз экономиканың дамуын, сондай-ақ 2 млн-нан астам адам жұмыс жасайтын қызмет көрсету секторындағы шағын және орта бизнестің жұмысын тоқтатпау үшін әрқашан кәсіпкерлердің адал жұмысын ұстанамыз. Мемлекеттің сенімді әрі жауапкершілікті бизнеске қолдау білдіргеніне ризамыз",- деді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер екі аптаның мониторингі бойынша 2-9 тамыз аралығында үздік көрсеткіштерге ие болған жүйе көшбасшыларына демалыс күндері жұмыс істеуге мүмкіндік беруді қарастыру туралы бастама көтерді. Бұдан бөлек, "ASHYQ" жобасы көшбасшыларының қоғамдық қозғалысын құру туралы шешім қабылданды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2021 03:12

Е.Тоғжанов мемлекет ШОБ жауапты нысандарының жұмысы үшін барлық жағдайды жасайтынын айтты. Табыс табу мен азаматтардың денсаулығын қорғау арасындағы тепе-теңдікті табу қажеттілігіне шақырды. Сондай-ақ, ол қалыпты өмір тірлішілігіне қайта оралудың жалғыз жолы-вакцинация екенін және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін иммунизацияның маңыздылығы туралы кең ақпараттық саясат жүргізу керектігін атап өтті.

Кездесуді қорытындылай келе, премьер-министрдің орынбасары жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, барлық айтылған бастамаларды пысықтауды және қажет болған жағдайда коронавирустық инфекцияға жол бермеу жөніндегі ВАК отырысына келісілген ұсыныстар енгізуді тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: