Шымкенттің туризм және сыртқы байланыс басқармасына басшы тағайындалды

Шымкент қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2021 19:20 Шымкент қаласының әкімдігі
Ерлан Ермекұлы 1991 жылы туған.

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Қыдыров Ерлан Ермекұлы қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлан Ермекұлы 1991 жылы туған, Малайзия елінің Лимкоквинг креативтік технологиялар университетін "Экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі" мамандығын бойынша бітірген.

Еңбек жолын "KazPowerCorporation" ЖШС-нің директоры, ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы инвестициялық жобаларды қолдау бөлімінің бас маманы, ОҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы сыртқы байланыстар бөлімінің бас маманы, ТО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы, "Turkistan Invest" стратегиялық жоспарлау және мониторинг басқармасының басшысы, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: