Жаңалықтар тізбегі
0

Лукашенко тағы дауға қалды. Тимановская Австриядан саяси баспана сұрамақ

Reuters, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2021 21:11 Reuters
Бұған дейін оппозициялық Белорус спорт ынтымақтастығы қоры өкілдері билік Тимановскаяны Токиодан күшпен әуетуге тырысып жатыр деп мәлімдеген.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) мен Токиодағы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің өкілдері белорус спортшысы Кристина Тимановскаямен тікелей сөйлесті. Бұл туралы ХОК баспасөз қызметіне сүйенген ТАСС агенттігі хабарлады, деп жазады centralasian.org.

Бұған дейін жапонның Sports Hochi басылымы Тимановскаяны қауіпсіз жерге көшіреді деп хабарлаған болатын.

2 тамыз түнде таратқан ХОК мәлімдемесінде комитет мүшелері мен Жапония ресми тұлғаларының Тимановскаямен тікелей тілдескені жазылған.

ХОК өкілі Марк Адамстың сөзіне қарағанда, ол әуежайдағы қонақүйге қонып шыққан, оның қауіпсіздігін полиция қамтамасыз етіп жатыр.

ХОК белорус спортшысын қолдайтынын және дүйсенбі күні таңертең онымен тағы да сөйлесетінін хабарлады.

Осыған дейін белорус үкіметіне наразыларды жылы қабылдаған көрші Польша белорус спортшысына көмектескісі келетінін айтты.

Польша сыртқы істер вице-министрі Марцин Пшидач Twitter-де Тимановскаяға гуманитарлық виза ұсынылып, егер қаласа, Польшада карьерасын жалғастыруға мүмкіндік жасалатынын жазды.

Чехия сыртқы істер министрі Якуб Кулханек Беларусь төңірегіндегі жағдайды "даулы" деп атап, Чехия Тимановскаяға көмектесуге дайын деп мәлімдеді.

Біз оған елге кіруге мүмкіндік беретін виза ұсынамыз, осылайша халықаралық көмекке қол жеткізу үшін өтініш бере алады. Біздің Токиодағы елшілігіміз де көмектесуге дайын, деді чех дипломаты.

Бірнеше сағаттан соң Тимановская Жапонияда қауіпсіз жерде екенін және өзін полиция күзетіп тұрғанын хабарлады. Оның хабарламасын BSSF қорының Телеграм арнасы жариялады.

BSSF өкілі Александр Опейкин AP агенттігіне Тимановская Александр Лукашенко үкіметі жақтастарының нысанына айналды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Тимановская Австрия елшілігінен саяси баспана сұрамақ.

BSSF қоры былтыр тамыз айында Беларусьте "әділетсіз сайлаудан" кейін тұтанған наразылық кезінде спортшы Александра Герасименконың зейнетақысына құрылған қор. Аталған ұйым билік қысымына ұшыраған белорус спортшыларына қаржылай және заңгерлік көмек береді. Қор бұған дейін демонстранттарға күш қолданбауды талап еткен.

Қаңтар айында шамамен 350 спортшы ашық хатқа қол қойып, президент сайлауының ресми нәтижесінің күшін жоюға және барлық саяси тұтқындарды, жаппай наразылық кезінде ұсталғандарды босатуға шақырған.

Бұған дейін оппозициялық Белорус спорт ынтымақтастығы қоры өкілдері билік Тимановскаяны Токиодан күшпен әуетуге тырысып жатыр деп мәлімдеген. Ақпаратқа қарағанда, бұған спортшының әлеуметтік желіде белорус тренерлерін өткір сынап жазғаны түрткі болған.

2 тамызда Тимановская 200 метрге жүгіруден жарысқа қатыспақ болған. Бірақ оның сөзіне қарағанда, 1 тамызда оның бөлмесіне құрама қызметкері келіп, күшпен әуежайға алып кеткен. Әуежайда спортшы полициядан көмек сұраған. Белорус олимпиада комитеті депортациялау туралы шешім спортшының эмоционалды-психологиялық күйіне байланысты қабылданғанын хабарлады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: