Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада тағы екі ауылдық округтың әкімі сайланды

Қызылорда облысы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2021 21:41 Қызылорда облысы әкімдігі
Сайлау барлық талаптарға сай өткізілді. Жалпы екі сайлау округінде 3527 сайлаушы тізімге енгізілген. 2 850 азамат сайлауда дауыс берді. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 80,8% құрады.

1 тамызда жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең сайлау құқығы негізінде екі ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауы өтті.

Сайлау барлық талаптарға сай өткізілді. Жалпы екі сайлау округінде 3527 сайлаушы тізімге енгізілген. 2 850 азамат сайлауда дауыс берді. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 80,8% құрады.

Бұл туралы баспасөз брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.

- Аққұм ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізімінде 1283 азамат бар, олардың 927-ы дауыс берді. Ал, Талаптан ауылдық округінде 2244 азамат тіркеліп, олардың 1923-ы дауыс берді, - деді Баймырзаев.

Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Болат Накиповтың айтуынша, екі ауылдық округ әкіміне барлығы 9 кандидат ұсынылды, оның ішінде Аққұм ауылдық округінен 4 кандидат, Талаптан ауылдық округінен 5 кандидат. Саяси партиялармен ұсынылған кандидаттар саны - 4. Қалған 5-і өзін-өзі ұсынған кандидаттар. Алайда, Талаптан ауылдық округі бойынша түскен 2 кандидатқа, белгіленген біліктілік талаптарға сәйкессіздігі анықталуына байланысты, тіркеуден бас тартылды.

Бір кандидаттың өз өтінішіне сәйкес тіркеу туралы шешімі бұзылды. Сонымен, сайлауға 6 кандидат түсті, оның 4 Аққұм ауылдық округі, 2 – Талаптан ауылдық округі бойынша. Сайлауға 2 сайлау учаскесінің 16 мүшесі және 2 аудандық сайлау комиссияларының толық құрамы тартылды.

Айта кетейік, дауыстарды қайта санау бойынша өтініштер түспеген, тиісінше қайта есептеу жүргізілген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: