Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет бизнесті қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шаралардың барысын қарады

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2021 18:19 primeminister.kz
Осы жылдың соңына дейін шамамен 1,2 трлн теңге сомасына 32 мыңға жуық жобаға қолдау көрсетілетін болады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бизнесті қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Атқарылған жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков, "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, сондай-ақ Түркістан және Алматы облыстарының әкімдері Өмірзақ Шөкеев пен Амандық Баталов баяндады.

Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында 142 млрд теңге сомасына 334 жоба қаржыландырылды. Осы жылдың соңына дейін 424 млрд теңге сомасына 724 жобаға қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Қазіргі кезеңде БЖК-2025 бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 492 млрд теңгеге 23 мыңға жуық жобаға қолдау көрсетілді.

Осы жылдың соңына дейін шамамен 1,2 трлн теңге сомасына 32 мыңға жуық жобаға қолдау көрсетілетін болады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша аталған бағдарламалармен 90 мыңнан астам жұмыс орны қамтылады.

Бизнесті қолдаудың барынша сұранысқа ие бағыттары – сауда (47%), қызмет көрсету саласы (15%), өңдеу өнеркәсібі (13%), көлік және қоймалау (9%), сондай-ақ құрылыс саласы.

Бүгінгі таңда бағдарламалар аясында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 1 теңге субсидия бюджетке алты еседен астам салықтық түсімдер түрінде қайтарылады.

Пандемия жағдайында Үкіметтің “Атамекен” ҰКП-мен бірлесіп қабылдап жатқан бизнесті қолдаудың дағдарысқа қарсы шаралары өз тиімділігін көрсетті. Аталған бағдарламалар аясында жоспарланған шаралар осы жылдың соңына дейін толық көлемде жүзеге асырылуы тиіс, – деп атап өтті А. Мамин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: