Лукашенконы "балағаттаған" журналист 18 айға сотталды

currenttime.tv, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2021 16:15 currenttime.tv
Журналист тағылған айыптарды жоққа шығарған.

Беларусь журналисі Сергей Гордиевич мемлекет басшысы Александр Лукашенконы балағаттағаны, милицияның екі қызметкеріне жала жапғаны үшін 18 айға сотталды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Бақылаушылардың пікірінше, 50 жастағы журналистің үкімін Беларусь билігінің тәуелсіз БАҚ-қа, адам құқықтарын қорғаушылар мен белсенділерге қысымының дәлелі ретінде қарастыруға болады.

Беларусь журналистері қауымдастығының мәлімдеуінше, сот Гордиевичті соттап қана қоймай, оған шамамен 1600 доллар көлемінде айыппұл салған.

Журналист тағылған айыптарды жоққа шығарған.

"Вясна" құқық қорғау орталығының хабарлауынша, шілде айында полиция белсенділер мен журналистердің пәтерлері мен кеңселерінде 200-ден астам тінту жүргізген. Ондаған журналист қамауда отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: