Жаңалықтар тізбегі
0

Судьялар корпусында елеулі кадрлық өзгерістер орын алды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2021 16:43 zakon.kz
Сот төрағалары жаңадан тағайындалып, кейбір судьялар қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 30 шілдедегі "Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқалары төрағаларын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Төраға лауазымына келесі адамдар тағайындалды:

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Ербар Қалиев Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Түркістан облыстық сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасына Нұрлан Биболов Шымкент қаласы сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Ақмола облысы бойынша: Әлібек Оразов Біржан ауданының соты болды;
Алматы облысы бойынша: Кербұлақ аудандық сотына Марта Жүкенов осы облыстың Ескелді аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша: Жарма аудандық сотына Руслан Омаров осы облыстың Күршім ауданының No2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;
Қостанай облысы бойынша: Рудный қалалық соты - Ерлан Мырзағожинов;
Алматы қаласы бойынша: Жетісу ауданының No2 аудандық соты - Сержан Байболов.

Сондай-ақ жаңа судьялар тағайындалды.

Қызметінен босатылды:

Алматы қаласы бойынша: өз өтініші бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Мұхамеджан Ерзақов судьяның өкілеттігі тоқтатыла отырып;

басқа жұмысқа ауысуына байланысты мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Айжан Смайыл;

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша: өз өтініші бойынша Алматы аудандық сотының судьясы Айнаш Бозжігітова;

басқа жұмысқа ауысуына байланысты Есіл ауданының No2 аудандық сотының судьясы Азизбек Мұсабеков .

Құжаттың толық нұсқасын мына арадан көруге болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: