Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтандағы эпидахуал күрделі: Ауруханалардың науқастарға толу деңгейі - 69%

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2021 18:26 zakon.kz
Елорданың бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, шілдеде аурушаңдық көрсеткіші мамыр айындағы көрсеткіштен 2,4 есе, ал маусым айында 2,3 есе артты.

Нұр-Сұлтан коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта. Мұнда тәулігіне 1500-ден астам инфекция жұқтыру жағдайы тіркелуде, - деді елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқат Бейсенова, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Елордада коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бес ай бойына қала "қызыл" аймақта қалып келеді, ал соңғы 13 күнде жұқпалы ауруханалардағы төсек-орындардың науқастарға толу деңгейі 70% -дан асып кетті және 100 мың тұрғынға шаққанда төсек-орынмен қамтамасыз етілу деңгейі 200-ден жоғары кезінде Нұр-Сұлтан "қоңыр-қызыл" аймаққа да түсті. Кешеден бері инфекциялық ауруханалардың жүктемесі 69% құрады және елорда қайтадан "қызыл" аймаққа оралды, - деді Сарқат Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, шілдеде аурушаңдық көрсеткіші мамыр айындағы көрсеткіштен 2,4 есе, ал маусым айында 2,3 есе артты.

Шілдеде пандемия басталғалы 100 мың тұрғынға шаққандағы ең жоғары апталық көрсеткіш тіркелді - 915,9. Күнделікті тіркелген жағдайлардың орташа көрсеткіші маусымдағы 388 -ден шілдеде 1200 -ге дейін өсті. Соңғы 19 күнде тәулігіне 1500-ден астам жағдай тіркеліп келеді, - деді елорданың бас дәрігері.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: