Нұр-Сұлтан "қою қызылдан" "қызыл" аймаққа өтті
Елордада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі тұрақсыз. Қала бес айдан бері "қызыл аймақта" тұр. Астанадағы эпидемиологиялық ахуал туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қою қызыл" аймақ – 18 шілде мен 2 тамыз аралығында Қазақстанның бес қаласы, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы кірген қауіп-қатер деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсектердің толу көрсеткіші 70 пайыздан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсектің толу көрсеткіші кезінде). Кешеден бері инфекциялық стационарлардың жүктемесі 69%- ды құрап, елорда қайтадан "қызыл аймаққа" өтті.
Биылғы маусымның екінші онкүндігінен бастап "Дельта" аса контагиозды штамының таралуымен елордада эпидемиологиялық жағдай нашарлады және маусым-шілде айларында жыл басынан бергі барлық сырқаттанушылықтың 55%- ы тіркелді. Шілде айында аурушаңдық деңгейі мамыр айындағы көрсеткіштен 2,4 есе, маусым айында 2,3 есе асып түсті. Естеріңізге сала кетейін, коронавирустың жаңа түрі қысқа инкубациялық кезеңмен ерекшеленеді және ауруханаға жатқызу мен өлім - жітімнің жоғары ықтималдығы бар, - деп атап өтті Сархат Бейсенова.
Өкінішке қарай, ескертулер және жазалау шараларының қабылдануына қарамастан тұрғындардың бәрі бірдей қауіпсіздік шараларын тиісті деңгейде сақтамайды. Кейбір елордалық мекемелерде санитарлық нормалар мен карантин талаптары ескерілмейді, кәсіпкерлік объектілері есіктерін жауып алып жұмыс істеуді жалғастыруда. Осы жылдың 20 мамырынан бастап мониторингтік топтар 7 мыңнан астам нысанды тексеріп, олардың ішінде 251-нен карантин режимін бұзу фактілері анықталды. Бұл нысандардың көпшілігі қоғамдық тамақтану орындары.
Бүгінгі таңда базарлар, сауда үйлері, қоғамдық көліктер, мейрамханалар, кафелер, барлар, еңбек ұжымдары және саябақтар мен демалыс орындарындағы адамдар көп жиналатын жерлер инфекция жұғатын негізгі орындар болып есептелеі. Осы жылдың шілде айында 100 мыңға дейін жұқтырудың ең жоғары апталық көрсеткіші тіркелді.