Жаңалықтар тізбегі
0

КВИ-ға қарсы екпенің бірінші компонентін 15 тамызға дейін қай ұйымдар алуы керек

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2021 22:42 zakon.kz
Биыл 4 тамыздағы жағдай бойынша елордада 348 113 адам вакцинаның бірінші компонентін, 261 309 адам екінші компонентін алды.

Қазіргі уақытта елордада КВИ вакцинасының бірінші компонентін 348 мыңнан астам адам алды, ал 261 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті. Пандемиямен күресте вакцинацияның маңыздылығын елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова онлайн-брифингте айтып өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, елорданың бас санитарлық дәрігері 15 тамызға дейін жұмыс берушілер өз қызметкерлерін КВИ вакцинасының бірінші компонентін, ал осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін екінші компонентін алып, иммундаудан өткізуі керектігін еске салды.

Бұл халыққа қызмет көрсету нысандары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, өндіріс, құрылыс нысандары, көтерме және бөлшек сауда, мәдениет және демалыс, жолаушылар тасымалдайтын ұйымдар, қоғамдық тамақтану нысандары, санаторий-курорттық және сауықтыру орындары, денсаулық сақтау, бос уақытты өткізу және т.б. мекемелер қызметкерлеріне қатысты.

Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19-бен ауырып жазылғандардың екпе алмауына болады.

Тағы да еске салғым келеді. Вакцинация қазір коронавирустан қорғанудың ең тиімді әдісі болып қала береді. Уақытылы екпе алу арқылы аурудың алдын алуға және ең бастысы оның салдарын болдырмауға көмектеседі. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тәулігіне орташа есеппен 5000-6000 адамға екпе жасалады, - деді Сархат Бейсенова.

Биыл 4 тамыздағы жағдай бойынша елордада 348 113 адам вакцинаның бірінші компонентін, 261 309 адам екінші компонентін алды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: