Эпидахуал күрделенген жағдайда КВИ науқастарға 12 мың қосымша төсек-орын бөлінеді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2021 23:33 zakon.kz
Жұқпалы аурулар ауруханасының науқастарға толуы бойынша ең жоғары пайыз Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қызылорда, Қостанай облыстарына тиесілі.

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жұқпалы ауруға шалдыққан науқастар үшін қосымша 12 мың төсек-орын орналастырылады. Бұл туралы Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының басшысы Айма Сағындықова мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жұқпалы аурулар ауруханасының науқастарға толуы бойынша ең жоғары пайыз Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қызылорда, Қостанай облыстарына, жан сақтау бөлімінің науқастарға толуы Нұр-Сұлтанда, Маңғыстау мен Атырау облыстарында байқалады, - деді ол.

Сонымен қатар ол эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде жұқпалы ауру науқастар үшін ауруханаларға және жан сақтау бөліміндеріне қосымша қанша төсек-орын орналастырылатынын айтты.

Эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда, жоспарлы медициналық көмекті тоқтатпай, КВИ науқастар үшін қосымша 12 000 төсек-орын, 50 500 реанимациялық төсек-орын қосымша орналастыру бойынша дайындық бар, - деді ол.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: