Солтүстікте бұршақ, батыста 45 градус ыстық – алдағы 3 күннің ауа райы
zakon.kz
Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында жаңбыр жауады.
Қазгидромет мамандары Қазақстан бойынша 2021 жылғы 7-9 тамызға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында жаңбыр жауады.
Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде және орталығында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауады.
Сондай-ақ, солтүстік өңірлерде желдің күшеюі және жылудың 20-25 жылуға дейін әлсіреуі күтіледі.
Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ыстық ауа-райы сақталады, республиканың батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript