Түркия СІМ қазақ бауырларына алғыс білдірді
Түркия Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға өртті сөндіруге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Ризашылық лебізі түріктің құзырлы ведомствасының Twitter-дегі парақшасында жарияланды.
Қазақ бауырларымызға тілектестік пен қолдау үшін алғысымызды білдіреміз, - деді Түрік СІМ басшысы Мәуліт Чавушоғлы.
Kazak kardeşlerimize dayanışma ve destekleri için teşekkür ediyoruz. ????????????????
— T.C. Dışişleri Bakanlığı (@TC_Disisleri) August 7, 2021
Қазақ бауырларымызға тілектестік пен қолдау үшін алғысымызды білдіреміз. ???????????????? @MFA_KZ https://t.co/KSmfqaArnJ
Айта кетсек 7 тамызда ҚР СІМ парақшасында Түркияға Қазақстанның көмек жібергені туралы хабарланды. "Қазақстан Президенті @TokayevKZ тапсырмасы бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі суағар құрылғылары бар "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 АМТ 2 тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын орман өрттерін сөндіруге көмек көрсету үшін #Түркия'ға жіберді", делінген жазбада.