Бір тәулікте КВИ мен пневмониядан тағы 140 адам қайтыс болды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2021 15:38 pixabay.com
9 тамыздағы мәлімет бойынша, елімізде 113 186 адам коронавирус инфекциясынан (109 382 КВИ+ және 3 804 КВИ-) емделіп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың 9 тамызда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

9 тамыздағы мәлімет бойынша, елімізде 113 186 адам коронавирус инфекциясынан (109 382 КВИ+ және 3 804 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде 31 504 науқас стационарда, 81 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 1 981 адамның жағдайы ауыр,

- 402 науқастың жағдайы өте ауыр,

- 192 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2021 15:38

9 тамызда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдыққандар туралы мәлімет

2021 жылдың 7 тамызында коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы тіркелді, 28 адам қайтыс болды, 135 адам ауруынан айықты.

2020 жылдың 13 наурызынан бастап барлығы мыналар тіркелді: жағдай - 63 442, қайтыс болғандар - 3 915, сауығып кеткендер - 55 723.

2021 жылдың 8 тамызындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 5 750 698 адам, ал екінші компонентпен 4 382 869 адам егілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2021 15:38

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: