Байден Лукашенкоға жаңа санкция салатын болды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2021 17:29 видеодан кадр
Халық қалауына құлақ асқысы келмеген Лукашенко режимі жазалау науқанына көшті.

АҚШ президенті Джо Байден 9 тамызда Беларусь президент сайлауының бір жылдығына орай мәлімдеме жасады. Ол Александр Лукашенко режиміне қарсы жаңа санкция қабылдайтынын айтты. Мәлімдеме Ақ үй сайтында жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Бір жыл бұрын Беларусь азаматтары болашағын демократиялық сайлау арқылы анықтағысы келетінін естіртуге талпынды, делінген мәлімдемеде.

АҚШ президентінің пікірінше, халық қалауына құлақ асқысы келмеген Лукашенко режимі жазалау науқанына көшті.

АҚШ одақтастары және әріптестерімен бірге адам құқықтары мен сөз бостандығын қорғай береді. Байден Беларусьте демократия мен адам құқықтарын шекшеуге қатысқан жеке және заңды тұлғаларға қарсы жаңа санкция салу туралы үкімге қол қойғанын айтты.

Президент жақында оппозиция жетекшісі Светлана Тихановскаямен кездескенін, оған АҚШ Беларусь халқын қолдайтынын айтқанын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: