Жұмысшылардың екпе алған-алмағаны қашан тексеріле бастайтыны айтылды

zakon.kz/ Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2021 21:25 zakon.kz/ Павел Михеев
Ол тексеру нысаны қызметкерлердің ресми құжаттары болатынын айтты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жұмысшылардың еке алған-алмағаны қашан тексеріле бастайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстандықтарды жұмыс орындарында екпе алған-алмағанын тексеру 10 тамызда емес, 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі СЭБД баспасөз қызметі тілшімізге.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті бастығының орынбасары Сәдуақас Байғабылов еске салғандай, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 14 шілдедегі No32 қаулысына сәйкес, вакциналау мерзімі анықталды: 10 тамызға дейін - бірінші компоненті және 1 қыркүйекке дейін жұмыс істейтіндер COVID-19 вакцинасының екінші компонентін ( медициналық тұрақты қарсы көрсетілімі барлар және соңғы үш ай ішінде COVID-19 жұқтырғандарды қоспағанда) алып үлгеруі керек.

Демек, жұмысшыларды вакциналау курсының аяқталуын бақылау тек 1 қыркүйектен бастап жүргізілуі мүмкін. Осы уақытқа дейін бұл тексерулерді жүргізу алгоритмін әзірлеу де жоспарлануда, - деді Сәдуақас Байғабылов

Ол тексеру нысаны қызметкерлердің ресми құжаттары болатынын айтты.

Біз вакциналау төлқұжаттарын немесе вакцинаның бірінші компонентін алғаны жөніндегі куәліктерді тексереміз: медициналық тұрақты қарсы көрсетілімі барлығы немесе соңғы үш ай ішінде COVID-19 -бен ауырып кеткендігі туралы анықтамаларды; екпе алмаған жұмысшылардың ПТР-тест нәтижесі туралы анықтамасын (жеті күнде бір рет), - деді Сәдуақас Байғабылов

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: