Цой Нұр-Сұлтанда эпидахуал тұрақтанғанын мәлімдеді
zakon.kz
Министр 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирустың таралу индексі 9% -ға - 1,11-ден 1,01-ге дейін төмендегенін атап өтті. Нұр-Сұлтанда көрсеткіші 1-ден төмен болды, Алматыда R саны 19%-ға қысқарды.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Қазақстанда тіркелген КВИ-дің апталық өсімі 10%құрады. "Дельта" штамның анықталуына байланысты шілдеде аурушаңдықтың өсімі тіркелді, бірақ тамыз айының басынан бастап коронавирус ауруының өсімі баяулап, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы байқалды, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.
Министр 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирустың таралу индексі 9% -ға - 1,11-ден 1,01-ге дейін төмендегенін атап өтті. Нұр-Сұлтанда көрсеткіші 1-ден төмен болды, Алматыда R саны 19%-ға қысқарды.
11 тамыздағы жағдай бойынша, жалпы саны жұқпалы ауру науқастарға арналған 55 658 төсек-орын бар, республикамыз бойынша оның 54% науқаспен қамтылған. Жұқпалы аурулар ауруханаларында жан сақтау бөліміндегі төсек-орындардың жалпы саны - 4 969, оның науқасқа толу деңгейі - 45%. Эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдай үшін резервте қосымша 7419 төсек-орын бар, - деді ол.
Цойдың айтуынша, жұқпалы ауру жұқтырған науқастарға арналған төсек-орындардың жоғары деңгейде қамтылу мына өңірлерге тиесілі: Атырау облысы мен Нұр -Сұлтанда - 69%, Ақтөбе облысында - 65%, Алматы мен Жамбыл облыстарында - 63%.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript