Қостанай облыстық санитарлық бас дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері аймақтағы карантиндік шаралар туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.
12 тамыздан бастап өңірде келесі шектеу шаралары енгізілді:
Ashyq жобасына қатысатын кинотеатрлар, театрлар, мәдениет үйлері, концерт залдары, филармониялар көрермен орындарының 30% -дан аспайтын көлемде жұмыс істей бастайды, әр көрермен қатар бойында екі орындықтан соң отырғызылады.
3 адамнан аспайтын топтарды немесе бір отбасы мүшелерін қоспағанда, экскурсиялық, корпоративті, топтық саяхат және экскурсиялық сапарларды ұйымдастыруға тыйым салынады.
Ashyq жобасына қатысатын өңіраралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымал көлікке кісі толу сыйымдылығының 75%-нан, яғни 15 адамнан асырмай тасымалдауына рұқсат етіледі.
Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, келесі ойын -сауық мекемелерінің қызметі тоқтатылады:
- көрмелер;
- караоке;
- бильярд бөлмелері, кальян бөлмелері, компьютерлік клубтар;
- түнгі және ойын клубтары;
- боулинг клубтары, батуттар;
- балалар ойын алаңдары мен жабық аттракциондар және басқалары;
- букмекерлік кеңселер.
"Ashyq" жобасына қатысатын объектілер белгілі бір талаптар аясында жұмыс істейді. Онымен толығырақ мына арадан таныса аласыздар.