Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғыз билігі "Құмтөр" жобасының келісімдерін бұзуға кірісті

Sultan Dosaliev, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2021 21:45 Sultan Dosaliev
Құмтөр Қырғызстандағы ең ірі алтын кені. Оны осы уақытқа дейін канадалық "Центерра" компаниясы игеріп келді. Мемлекеттің кенде 26 пайыз үлесі бар.

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті "Құмтөр" алтын кенін өндіруге қатысты жобалардағы жемқорлық жөніндегі қылмыстық істің алдын ала нәтижелерін жариялады. Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "тергеу "Құмтөр" кеніне қатысты жасалған келісімдердің Қырғызстан халқының мүдделеріне сай келмейтінін анықтады".

1992 жылы бас келісім жасалғанда, 1994 жылы оған өзгерістер енгізілгенде жемқорлық оқиғалары тіркелуіне байланысты бұрынғы президент Асқар Ақаев, экс-премьер-министрлер Турсунбек Чынгышев пен Апас Жумагулов, сонымен бірге "Қырғызалтын" мемлекеттік концернінің бұрынғы басшысы Дастан Сарыгулов істі болды. Экономикалық даму жөніндегі комитеттің бұрынғы төрағасы Борис Бирштейнге іздеу жарияланды.

Сонымен бірге, арнайы қызмет 2009 жылы "Құмтөр" жобасына қатысты "Центерра" компаниясымен келісім жасау барысында "елдің жоғары лауазым өкілдері республика мүддесі мен экологиясына көз жұма қарап, аталған компанияға әдейі шектеусіз мүмкіндік бергенін анықтады".

Соған байланысты экс-премьер-министр Игорь Чудинов пен "Қырғызалтын" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Алмазбек Жакыпов, Жер қойнауын пайдалану жөніндегі агенттіктің бұрынғы директоры Капар Курманалиев, директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Алексей Елисеев, инвестор өкіліАндрей Сазанов істі болды. Бұрынғы президент Құрманбек Бакиев пен оның ұлы Максим Бакиевке іздеу жарияланды.

Бұған қоса, "Центерра" компаниясымен 2012-2014 жылы жасалған келісімдерде де мемлекет мүддесі сақталмағаны анықталған. Соған байланысты бұрынғы премьер-министр Омурбек Бабанов, бірінші вице-премьер-министр Тайырбек Сарпашев, парламент депутаттары Асылбек Жээнбеков, Талантбек Узакбаев, Алмазбек Баатырбеков, Исхак Пирматов, сонымен бірге президент пен үкіметтің парламенттегі бұрынғы өкілдері Данияр Нарынбаев пен Динара Молдошева жауапқа қартылды.

Арнайы қызмет республиканың Бас прокуратурасымен бірге "Құмтөр" жобасы жөнінде канадалық инвесторлармен жасалған келісімдерді бұзу процесін бастады.

Еске салайық, Құмтөр Қырғызстандағы ең ірі алтын кені. Оны осы уақытқа дейін канадалық "Центерра" компаниясы игеріп келді. Мемлекеттің кенде 26 пайыз үлесі бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: