Алматылықтар Vero Cell вакцинасын қашан салдырта алады

zakon.kz/ Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2021 21:14 zakon.kz/ Павел Михеев
Қазіргі уақытта Vero Cell вакцинасы "СК-Фармация" қоймасында тұр.

10 тамызда Қытайдан ұшақпен Алматыға коронавирусқа қарсы Sinopharm вакцинасы - Vero Cell-дің бірінші партиясы жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Sinopharm фармацевтикалық кешені шығаратын Vero Cell вакцинасы Қазақстанға жеткізілді. Препаратты Бейжіңнен Алматыға жеткізді. Қазіргі уақытта Vero Cell вакцинасы "СК-Фармация" қоймасында тұр. Вакцина Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына әлі түскен жоқ, - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Вакцина емханаларға келген бойда тұрғындар хабардар етіледі. Алдын ала болжам бойынша, азаматтарды вакциналау үшін бұл препарат тамыз айының ортасында қолжетімді болады, - дейді басқармадағылар.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: