Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақтың үш клубы еурокубокта жеңіліп қалды

aladop.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2021 15:13 aladop.kz
"Тобыл" "Жилинадан" оңбай ұтылды.

"Астана" қолда тұрған жеңістен айырылып, УЕФА-ның Конференция лигасындағы жорығын аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz Аладопқа сілтеме жасап.

"Астана" Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде финляндиялық КуПС командасына есе жіберді. "Астана Аренада" өткен матч 3:4 есебімен аяқталды.

Ойынның небәрі 4-минутында Тигран Барсегян Марин Томасовтың оң қапталдан асырған пасын сәтті пвйдаланып, есеп ашты. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Абат Айымбетов баспен гол соқты. Екінші таймда алаңға шыққан КуПС шабуылшысы Рангел 53-минутта есеп айырмасын қысқартты. Бірақ бес минутта кейін Барсегян алыстан тамаша соққы жасап, командасының үшінші голын соқты. Қонақтар шабуыл жасауын тоқтатпады. Ойынның 61 және 75-минутында сол Рангел көзге түсті. Ал 77-минутта Икауниек жеңіс голын соғып кетті.

Қос матчтың қорытындысы бойынша 4:5 есебімен жеңілген Андрей Тихонов шәкірттері Конференция лигасындағы жорығын аяқтады. Ал финляндиялық клуб плей-офф кезеңінде берлиндік "Унион" командасымен күш сынасады.

Алматының "Қайратын" Арменияның "Алашкерті" қағып тастады

"Қайрат" Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "Алашкерттен" жеңіліп қалды. Матч Еревандағы "Вазген Саргсян" атындағы стадионда өтіп, 3:2 есебімен аяқталды.

Кездесудің 43-минутында Эмбало Папикянның пасынан кейін командасын алға шығарды. Бірақ бұл қуаныш көпке созылмады. Бірінші таймға қосылған қосымша уақытта Айбол Әбікен таразы басын теңестірді. 50-минутта Эмбало дубль авторы атанды. Ал жауапты голды 61-минутта қосалқы құрамнан шыққан Артур Шушеначев соқты. Бір минут өткеннен кейін Денис Поляков, ал 92-минутта Айбол Әбікен тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Мұны пайдаланған алаң иелері 104-минутта жеңісті голды соғып кетті. Өткен матчта пенальтиден гол соға алмаған Александр Глишич көзге түсті.

Осылайша, алматылық клуб еурокубоктегі жорығын Конференция Лигасында жалғастырады.

"Тобыл" "Жилинадан" оңбай ұтылды

Словакиядағы "Жилина" стадионында өткен матч 5:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Кездесудің 14-минутында Дюрис алыс тоғыздықты дәл көздеп есеп ашты. Ал 41-минутта Руснак есепті еселеді. Жастар мұнымен тоқтап қалмады. Ойынның 64-минутында Бишакчиян командасының үшінші голын соқты. Қосалқы құрамнан алаңға шыққан Тибор Слебодник матчтың нүктесін қойды ма деп едік, қосымша уақытта Бишакчиян дубль жасады.

Осылайша, қостанайлық клуб еурокубоктегі жорығын аяқтады. Ал "Жилина" жастары келесі кезеңде "Селтик" - "Яблонец" жұбында жеңілген командамен күш сынасады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: