Күн салқындайды. Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамы
pixabay.com
Атлантикалық салқын ауамен қоса жылжыған ауқымды антициклон Қазақстан аумағы арқылы өтіп, оңтүстік, оңтүстік -шығыс және шығыс аймақтардағы температураның төмендеуіне әкеледі.
Синоптиктер 14-16 тамызға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.
Атлантикалық салқын ауамен қоса жылжыған ауқымды антициклон Қазақстан аумағы арқылы өтіп, оңтүстік, оңтүстік -шығыс және шығыс аймақтардағы температураның төмендеуіне әкеледі.
Салқын Атлантикалық ауамен қоса жылжыған ауқымды антициклон, Қазақстан аумағы арқылы өтіп, енді оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде температураның төмендеуіне алып келеді. Оңтүстікте сынап бағаны күндіз + 22...30, оңтүстік-шығыста + 17...25, ал шығыста +15...25 градусқа дейін төмендейді. Бірақ солтүстік аймақтар аздап ыси түседі. Мұнда сынап бағаны + 23...28 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның батыс жартысында ғана Иран аумағынан келетін жылы және құрғақ ауа массалары, жауын-шашынсыз ауа-райының сақталуын қамтамасыз етіп, сынап бағаны негізгі +32...40 градусты көрсетеді деп күтіледі, делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript