Жалған екпе құжатын жасатып алғандарды шындап екпе алуға шақырып жатыр
zakon.kz
Алайда, бұл жағдайда әділдік болуы үшін вакциналаудың ақылы қызметі ұсынылуы керек, - дейді "Ел үшін егілемін" азаматтық штабы.
"Ел үшін егілемін" атты Қазақстандағы коронавирусқа қатысты пандемиямен күрес жөніндегі азаматтық штаб жалған екпе құжатын жасатқандарға "рақымшылық" жасау бастамасын көтерді, деп хабарлайды zakon.kz.
Олар атап өткендей, кейбір қазақстандықтар азаматтық штабқа жүгініп, процедурадан өтпестен екпе төлқұжаттарын қолдан жасатып алғанын мойындап, тағы бірі COVID-19-ға қарсы вакциналар туралы ақпараттың болмауына байланысты оны сатып алғанын айтып, енді қорқатынын жеткізген.
Көптеген азамат қолда бар вакциналар туралы ақпаратты зерделеу барысында, сондай -ақ айналасында коронавирустың ауыр және өлімге әкелетін жағдайлардың көбеюіне байланысты қателескендерін түсініп, шындап вакцина алғысы келеді. Бірақ олай етейін десе, өзіне қатысты мәліметтер базада тұр, яғни вакцина алған деп. Сондықтан екпе алмағандардың көбісінің басында COVID-19-дың ауыр түрін жұқтыру қаупі басым, - дейді Қазақстандағы коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі азаматтық штаб - "Ел үшін егілемін".
Осыған байланысты азаматтық штаб "мұндай азаматтарға рақымшылық жасауды ұсынады".
Бұрын екпе төлқұжатын сатып алған және қазір осы қатесін түзеткісі келетін қазақстандық вакциналау орталығына келіп, қолжетімді вакцинаны ала алады. Бұл үшін оны жазалауға болмайды. Алайда, бұл жағдайда әділдік болуы үшін вакциналаудың ақылы қызметі ұсынылуы керек, - дейді "Ел үшін егілемін" азаматтық штабы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript