Тоқаев Сеулге келіп жетті
facebook.com / Berik Uali
Мемлекеттік сапар бағдарламасы аса ауқымды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея Республикасының астанасы Сеул қаласына мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.
"Қасым-Жомарт Тоқаев - пандемия басталғалы бері Оңтүстік Кореяға сапармен келген әлемдік деңгейдегі бірінші көшбасшы", деп жазды ол Facebook-те.
Мемлекеттік сапар бағдарламасы аса ауқымды. Ертең, 17 тамыз күні Президент Мун Чжэ Инмен келіссөз өткізу жоспарланған. Онда тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың кең ауқымды мәселелерін қарастырады. Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мун Чжэ Инмен бірге Корея бизнесінің жетекшілерімен кездесу өткізеді, - дейді Берік Уәли.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Кореяның ұлттық батыры, өмірінің соңғы жылдарында Қазақстанда тұрған генерал Хон Бом Доны еске алуға арналған іс-шараға қатысып, Отан үшін құрбан болғандардың Монументіне гүл шоғын қояды, делінген хабарламада.
Бұдан кейін Кореяның ірі компанияларының қатысуымен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді. Сондай-ақ БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен жүздесу жоспарланған, - дейді Берік Уәли.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript