Оңтүстік Корея студенттері Абай шығармашылығымен танысты
24kz
Онлайн-дәріс Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға жасаған іссапарымен орайластырылды.
Оңтүстіккореялық студенттер Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен танысты, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.
Атақты қазақ ақынына арналған онлайн дәріс Сеулде өтті. Түркітану институтында өткен іс-шараға хәкім Абайдың шығармашылығын корей тіліне аударған аудармашы, ақын Ким Бён Хака қатысты.
Онлайн-дәріс Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға жасаған іссапарымен орайластырылды. Ал бүгін Сеулдегі кибер университетінде ұлы ақынның құрметіне жасалған ескерткіштің ашылуы өтеді.
Ли Ен Джон, Түркітану институтының қызметкері:
Осы дәрістер арқылы қазақ халқының ақыны Абай Құнанбаевпен жақынырақ таныстым. Оның шығармашылығы мен даналығына тәнті болдым. Әсіресе Ескендір поэмасы әсерлі болды. Онда ұлағатты, нақыл сөздер көп екен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript