Жаңалықтар тізбегі
0

Ауғанстандағы бүгінгі ахуалға қысқаша шолу

km.gov.af, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2021 16:46 km.gov.af
Бұрынғы билік өкілдері мен қолы бүгіндері тау ортасындағы Панджширге ығысып барып, шоғырланған. Осы провинция енді текетірестің негізгі алаңына айналуы мүмкін екендігі айтылады.

Соңғы екі күнде Ауғанстанда танадай тыныштық, оқ атылмады. Билікке келген тәліптер мородерларды ауыздықтап жатыр. 17 тамызда олар ресми баспасөз конференциясын өткізіп, Ресей, Қытай және Пәкістанды өздерінің одақтасы екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz centralasia.media порталына сілтеме жасап.

Осы баспасөз мәслихатында "Талибан" қозғалысының баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид: "Ауғанстанды анаша емес, ауылшаруашылығы өнімдерін өсіретін, бейбіт мемлекетке айналдырамыз, көршілермен тату-тәтті қарым-қатынас құрамыз, біздің мақсаты - осы" деп мәлімдеді.

Ресей. Ресей тәліптер қатты қауіп төндірмейді деген пікірде. Бірақ жаңа билікпен қандай да бір қарым-қатынас орнатқандары туралы мәлімдеме болған жоқ. Тек елшілер арасында бір рет кездесу болыпты. Онда да Ауғанстандағы РФ елшілігінің қауіпсіздігі талқыланғаны ғана айтылады.

Пәкістан жаңа билікке қолдау көрсетті деп айтылып жатыр. Өйткені Ауғанстанда толқу басталғанда шекарасын ашқан жалғыз мемлекет - Пәкістан болыпты. Бұл туралы Tolo News телеарнасы хабарлайды. Бірақ Пәкістан ресми түрде Ауғанстандағы жаңа билікпен қандай да бір байланысын жоққа шығарады.

Қытай. АҚШ-ты айыптаған Қытай Ауғанстандағы жаңа билікпен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді, алайда бұл өзінің серіктесі - Тәжікстанның мүддесі үшін жасауда. Қазір Тәжікстанда ресейлік, қытай-тәжік әскери-оқу жаттығулары қатар өтіп жатыр. Ресейдің орталық әскери округі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тәжікстанда орналасқан 201 әскери базасында шамамен 1 миллионға жуық ресейлік әскери "Ляур" және "Самбул" полигондарында жаттығу өткізіп жатыр. Ал Қытай өз кезегінде Тәжікстанға әскерилерін емес, Сыртқы істер министрлігі өкілдерін аттандырған. Олар 17 және 20 тамыз аралығында тәжік әріптестеріне таулы аймақта лаңкестікпен күрес бойынша тәжірибелерімен бөліседі деп айтылады. Тәжікстан - тәліптермен ешқандай байланысқа шықпаған және одан үзілді-кесілді бас тартып отырған Ауғанстанның жалғыз көрші елі.

Бұрынғы билік өкілдері мен қолы бүгіндері тау ортасындағы Панджширге ығысып барып, шоғырланған. Осы провинция енді текетірестің негізгі алаңына айналуы мүмкін екендігі айтылады. Ол арада сейсенбі күні өзін-өзі ел басшысы жариялаған бұрынғы вице-президент Амрулла Салех пен аты аңызға айналған ауған командирінің ұлы Ахмад Масуд бар.

Айта кетсек, 15 тамызда "Талибан" қозғалысы Ауғанстанды бүтіндей өз бақылауына алғанын жариялады. Ел ішінде аласапыран басталды. Ұшаққа адамдар таласып, зардап шеккендер мен құрбандар болды. Талибан 1996-2001 жылдар аралығында билік басында болды. Кейіннен АҚШ күштері терроризмге қарсы науқан аясында Ауғанстанға келіп, тәліптерді биліктен айырған еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: