Қазақстанда жаңбырсыз, жылы ауа-райы күтілуде
Pixabay
Қазақстанның бүкіл аумағында жаңбырсыз ауа-райы күтіледі.
Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылдың 19-21 тамызына арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Антициклонның әсерінен, Қазақстанның бүкіл аумағында жаңбырсыз ауа-райы күтіледі.
Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста, фронтальді бөліктердің өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанады. Солтүстікте 23-30 градусқа, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 25-40 градусқа, орталық пен шығыста 17-35 градусқа дейін ауа температурасының жоғарылауы күтілуде.
Ал Қазақстанның батысында болса, ыстық ауа-райы сақталады және негізгі фондық температура 32-41 градус аралығын қамтитын болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript